​Макгрегор жүргізуші куәлігінен айырылды

0
914

Полиция қызметкерлері осыған дейін кешіріп келген.


​Макгрегор жүргізуші куәлігінен айырылды

ERNUR.KZ. UFC жұлдызы Конор Макгрегор жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп жазады ktk.kz.

Ирландиядағы құқық қорғаушылардың хабарламасы бойынша, Макгрегор Range Rover автомобилімен 100 км/сағатқа дейін рұқсат етілген жол учаскесінде 154 км/сағат жылдамдықпен жүйткіген. Ол сотқа келіп, өз кінәсін мойындаған.

Бұл спортшының жол ережесін бұзған алғашқы оқиғасы емес, деп хабарлайды BJ Penn. Полиция қызметкерлері осыған дейін кешіріп келген. Алайда осы жолы Конорға 1000 еуро айыппұл салған және жүргізуші куәлігін жарты жылға алып қойған. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, сот ісі аяқталғанша Конор өз жанкүйерлерімен жүздесіп, әңгімелескен.