"Манчестер Юнайтед" нашар көрсеткіш үшін Роналдудың айлығын қысқартады

0
725

Қазіргі таңда португалиялық ойыншы аптасына 458 мың еуро алады.


ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтед" маусым қорытындысы бойынша АПЛ-де төртінші орыннан төмен түсіп қалса, шабуылшы Криштиану Роналду айлығының біраз бөлігінен айырылуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Қазіргі таңда португалиялық ойыншы аптасына 458 мың еуро алады. Ал айлығын төмендетсе, ол 345 мың еуроны құрамақ.

Мұның алдында "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасына шыға алмаса 36 жастағы футболшы басқа клубқа ауысатыны хабарланған еді. Криштиану Еуропаның чемпиондар кубогын алты рет жеңіп алған "Реал" ойыншысы Франсиско Хентоның рекордын қайталағысы немесе одан асып түскісі келеді.