"Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Тоттенхэмді" ұтты

0
423

Енді "МЮ" келесі кездесуін 13 тур аясында қонақта "Челсиге" қарсы өктізеді.


ERNUR.KZ. Футболдан Англия чемпионатының 12 турында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Тоттенхэмді" ұтты, деп жазады vesti.kz.

"Олд Траффордтағы" матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. "Қызыл сойқандардан" 47 минутта Фред көзге түссе, 69 минутта капитан Бруну Фернандеш командасының екінші голын соқты.

Ойын барысында Эрик Тен Хаг шәкірттері 28 соққы жасап, оның 10 қақпаға дәл бағыттады. Осы жеңісінің арқасында "Манчестер Юнайтед" 19 ұпаймен турнир кестесіндегі 5 орнын сақтап қалды.

Енді "МЮ" келесі кездесуін 13 тур аясында қонақта "Челсиге" қарсы өктізеді. Ойын 22 қазанға жоспарланған. Ал "Тоттенхэм" 23 қазан күні өз алаңында "Ньюкасл Юнайтедті" қабылдайды.