Марадона аргентиналық «Химнасия» клубының бас бапкері болды

0
739

Марадона 1986 жылы әлем чемпионы атанған және ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі.


Марадона аргентиналық «Химнасия» клубының бас бапкері болды

ERNUR.KZ. Диего Марадона аргентиналық «Химнасия және Эсгрима» футбол клубының бас бапкері болды, деп жазады ҚазАқпарат.

58 жастағы маманмен осы маусымның соңына дейін келісім жасалған. «Химнасия және Эсгрима» бес матчтан кейін бір ұпай жинап, Аргентина чемпионатында соңғы – 24-ші орында тұр.

Ол Аргентинаның ең ескі клубтарының бірі, негізі 1887 жылы қаланған. Марадона 1986 жылы әлем чемпионы атанған және ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі. 2018/19 жылғы маусымда мексикалық «Дорадос» футбол клубын басқарды (маусым айына дейін).