Мария Шарапова карьерасын аяқтады

0
630

32 жасында тенниспен қош айтысты.


Мария Шарапова карьерасын аяқтады

ERNUR.KZ. 26 ақпанда Vanity Fair сайтында орыс теннисшісі Мария Шарапованың спорттық карьерасын аяқтағаны туралы ақпарат шықты, деп жазады zakon.kz.

32 жастағы Шарапова 28 жылдан бері теннисте жүрген.

Оның еншісінде Уимблдон (2004), US Open (2006), Australian Open (2008) және "Ролан Гаррос" (2012, 2014) кубоктары бар.

Қазір Мария WTA рейтингінде 145-ші орында тұр. 2016 жылы ол допингпен ұсталып, 15 айға жарыстардан шеттетілген. Соңғы кездері жарақаттарына байланысты турнирлерге тым сирек қатысып келген.