Марсело тағы да гол салды

0
1 109

Осылайша қорғаушы болса да Марсело плей - оффта ПСЖ, "Ювентус" және "Бавария"ның қақпасын анық нысанаға алды.


Марсело тағы да гол салды

ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының жартылай финалдық алғашқы матчтар мәресіне жетті. Германияның "Бавария" клубы өз алаңында Испанияның "Реалымен" кездесті. Бірінші таймды алаң қожайындары қарқынды бастады. Бірақ, ойынның бас жағында олардың сапындағы екі футболшы Роббен мен Боатенг жарақат алып, орындарын әріптестеріне босатып берді. Алайда бірінші голды немістер соқты. Қарымта шабуылдан соң Йосуа Киммих "Реал" қақпашысын жазалап есепті ашты.

Бірақ, "Баварияның" басымдығы көпке бармады. 44 - минутта бразилиялық Марсело таразы басын теңестірді. Осылайша қорғаушы болса да Марсело плей - оффта ПСЖ, "Ювентус" және "Бавария"ның қақпасын анық нысанаға алды. 57 - минутта екінші таймда алаңға шыққан Асенсио "Реалға" жеңіс алып берген голдың авторы атанды - 1:2.

Қарымта матч бір аптадан соң "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтеді.