​Мәскеуде Әлем біріншілігі басталды

0
1 045

ERNUR.KZ. Бүгін Ресейде Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.


​Мәскеуде Әлем біріншілігі басталды

ERNUR.KZ. Бүгін Ресейде Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Тұсаукесер матчы турнир қожайыны мен Сауд Арабиясы құрама командаларының арасында өтеді. Ойынды аргентиналықтар төрешілер басқаратын болады. Бас қазы - Нестор Питана. Оған отандасы Хуан Пабло Белатти мен бразилиялық Эмерсон Де Карвалью көмектесетін болады.

«Лужники» стадионында өтетін ашылу салтанатына Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Сооронбай Жеенбеков, Әзірбайжан - Ильхам Алиев, Панама - Хуан Карлос Варела, Тәжікстан – Имамали Рахман, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысады.