Мәскеудегі Кремль кубогы қазақстандықтар үшін сәтсіз болды

0
1 029

Турнирдің 1/8 финалында қыздар арасында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева латвиялық Анастасия Севастоваға қарсы кортқа шықты.


Мәскеудегі Кремль кубогы қазақстандықтар үшін сәтсіз болды

Мәскеудегі теннис турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз болды. Ресейдің астанасы Мәскеуде теннистен Кремль кубогы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

15 – 21 қазан аралығында өтетін турнирдің жүлде қоры 867 766 АҚШ долларын құрайды. Турнирдің 1/8 финалында қыздар арасында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева латвиялық Анастасия Севастоваға қарсы кортқа шықты. Алғашқы сетте отандасымыз 5:2 есебімен алға шыққан болса да, қарсыласына қатарынан 5 партияда есе жіберіп, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.
Екінші сетте Путинцева қатесініен дұрыс шешім шығарып, жойқын соққыларымен Севастоваға ешқандай мүмкіндік қалдырмады есеп – 6:4. Бірақ, соңғы шешуші партияда әлемнің 11 – ракеткасы Анастасия Севастова отандасымызды 6:4 есебімен жеңіп келесі айналымға жолдама алды. Матч жалпы 2 сағат 26 минут жалғасты.

Ал, ерлер арасында отандасымыз Александр Бубликтің де жолы болмады. Ол франциялық Пьер – Юг Эрберге 3:6, 4:6 есептерімен жеңіліп турнирден шығып қалды.