Мексика чемпионатында күлкілі гол соғылды (видео)

0
1 521

22 маусым күні Мексика чемпионатының жаңа маусымы басталды.


Мексика чемпионатында күлкілі гол соғылды (видео)

ERNUR.KZ Футболдан Мексика чемпионатының 1 - турында күлкілі гол соғылды деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

22 маусым күні Мексика чемпионатының жаңа маусымы басталды.

"Толука" - "Монаркас" клубтарының матчының 47 - минутында алаң қожайындарының футболшысы Алексис Канело есепті ашты. 90 - минутта қонақтар таразы басын теңестірді. Бірақ, гол оффсайд жағдайы болды деп есепке алынбады. Қарсыластары голдан қуанып жатқан сəтте "Толука" футболшылары жылдам шабуыл ұйымдастырып екінші голды соқты.

Бұл жерде Рубенес Самбуеза гол авторы атанып командасына 2:0 есебіндегі жеңісті тарту етті.