Мемлекет басшысы "Барысты" жеңісімен құттықтады

0
31

Нұр-Сұлтанда хоккейден Қазақстан Президентінің кубогі 7 тамызда басталды.


Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Барыс" хоккей командасын жеңісімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.

«Барыс хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогін ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!»,– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.Аталмыш халықаралық турнир 7 тамыз күні елордада басталған болатын. Қазақстандық «Барыс» командасы мен Қазан қаласының «Ак Барс» арасындағы матчты Президенттің өзі барып тамашалады. Бүгін турнир аяқталып, «Барыс» оның жеңімпазы атанды.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет