Месси 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшысы атанды

0
529

«Барселона» шабуылшысына 126 млн доллар төленген.


Месси 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшысы атанды

ERNUR.KZ. «Forbes» басылымы Лионель Мессиді 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшы деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Барселона» шабуылшысына 126 млн доллар төленген. Екінші орынға 117 млн кіріспен «Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду жайғасты. Ең ауқатты аяқдопшылардың үздік үштігін ПСЖ клубының футболшысы Нэймар түйіндейді. Оның дәулеті осы маусымда 96 млн долларға артқан.

Сонымен қатар, биыл ең табысы жоғары он футболшының қатарына Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37 млн доллар), Поль Погба ("МанЮнайтед" 34 млн доллар), Антуан Гризманн ("Барселона", 33 млн доллар), Гарет Бэйл ("Реал", 29 млн доллар), Роберт Левандовски ("Бавария", 28 млн доллар) және Давид Де Хеа ("МанЮнайтед", 27 млн доллар) кірді.