Месси бесінші "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды

0
1 301

Осылайша ол төрт "Алтын бутцы" жүлдесін төрт рет алған "мадридтік "Реалдағы" португал Криштиану Роналдудан озып отыр.


Месси бесінші

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Еуропа чемпионаттарының үздік сұрмергені ретінде бесінші мәрте "Алтын бутсы" жүлдесін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алтын бутсы" жүлдесі чемпионат коэфициенті мен соққан голдарын көбейту арқылы анықталады. 2017-18 маусымында Месси Испания чемпионатының 36 матчында 34 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Испания чемпионатымен деңгейлес өзге де Топ-5 еуропалық лигалардың чемпионатында мына футболшылар сұрмерген атанды: Англия - Мохамед Салах, "Ливерпуль", 36 матчта 32 гол; Германия - Роберт Ленвадовский, "Бавария", 30 матчта 29 гол; Италия - Чиро Иммобиле, "Лацио", 33 матчта 29 гол; Франция - Эдинсон Кавани, "Пари Сен-Жермен", 32 матчта 28 гол. Мұның алдында Месси бұл жүлдені 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары алған. Осылайша ол төрт "Алтын бутцы" жүлдесін төрт рет алған "мадридтік "Реалдағы" португал Криштиану Роналдудан озып отыр.