Месси Чемпиондар лигасы тарихына кірді

0
596

Лионель Месси бұл матчте дубль жасап, екі нәтижелі пас берді.


Месси Чемпиондар лигасы тарихына кірді

ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жермен" өз алаңында хайфалық "Маккабиді" ойсырата ұтты, деп жазады vesti.kz.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші тур ойыны "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 7:2 есебімен аяқталды. Лионель Месси бұл матчте дубль жасап, екі нәтижелі пас берді.

Opta мәліметінше, париждіктердің форварды Чемпиондар лигасында екі гол салып, екі ассист жасаған жасы ең үлкен ойыншы болып отыр. Матч кезінде Леоға 35 жас 123 күн болған еді.