Месси маусымның алғашқы ойындарына қатыса алмайды

0
659

Ол жарақатынан кейін әлі толық қалпына келмеген.


Месси маусымның алғашқы ойындарына қатыса алмайды

ERNUR.KZ. «Барселонаның» бас бапкері Эрнесто Вальверде команда капитаны Лионель Мессидің маусым басындағы ойындарға қатыса алмауы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Ол жарақатынан кейін әлі толық қалпына келген жоқ. Чемпионат басталғанға дейін дайын бола ма, білмеймін. Маған бәрі күрделі сияқты көрінеді», - дейді Вальверде.

Еске сала кетейік, Месси команданың АҚШ-қа баруы қарсаңында балтыр бұлшықеттерін созып алған еді. Оның толық қалпына келуі туралы мәлімет кейінірек белгілі болады.

«Барселона» Испания чемпионатының бірінші турында «Атлетикке» қонаққа барады. Матч 16 тамызда өтеді