Месси мен Рохоның голы Аргентинаны плей-оффқа алып шықты

0
1 051

Көпшілікті қызықтырған матчтардан бірі Аргентина мен Нигерия арасында өтті.


Месси мен Рохоның голы Аргентинаны плей-оффқа алып шықты

ERNUR.KZ Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының "С" және "D" топтық ойындары аяқталады деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көпшілікті қызықтырған матчтардан бірі Аргентина мен Нигерия арасында өтті. Ойында Лионель Мессидің отандастарына тек қана жеңіс қажет болатын. Сол үшін олар кездесудің басынан шабуыл ұйымдастырып 14 - минутта есепті ашты. Месси - гол авторы.
Нигерия құрама командасы екінші тайм басында таразы басын теңестірді. 84 - минутта Рохоның голы алтынға тең болып, Аргентинаны плей оффқа алып шықты, есеп - 2:1.

Осылайша, 1/8 финалда Аргентина Франция құрама командасымен кездесетін болды. Ал, Хорватия Даниямен ширек финал жолдамасын сарапқа салатын болды.