Месси үшінші рет The Best марапатын иеленді

0
411

Месси үшінші рет үздік атанып, Криштиану Роналдуды басып озды.


Месси үшінші рет The Best марапатын иеленді

ERNUR.KZ. Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) дайындаған The Best марапатына ие болды. Ол бұл атаққа үшінші рет қол жеткізді, деп жазады vesti.kz.

The Best FIFA Football Awards марапаттау кеші Лондонда өтті. Месси үшінші рет үздік атанып, Криштиану Роналдуды басып озды. Португалдық футболшы The Best марапатын 2016-2017 жылдары иеленген болатын.



Марапаттау кешіне Месси келген жоқ. Бұған дейін ол үздік атанбайтыны жайлы БАҚ-та ақпарат тараған еді. Соған байланысты қатыспайтыны жайлы айтылған. Алайда жыл қорытындысы бойынша аргентиналық үздік деп танылды.

Месси 2023 жылы ПСЖ командасымен Франция чемпионы атанды. Кейіннен "Интер Майами" клубына ауысып, Leagues Cup жеңімпазы атанды. Нәтижесінде ең көп чемпиондық атаққа ие болған футболшы атанды. Ал өткен жылдың қазан айында 8-ші рет "Алтын допты" иеленді.