Мессиді қалдыру үшін "Барселона" президенті өзі кетуге дайын

0
518

Ол Мессиден ресми мәлімдеме күтеді.


Мессиді қалдыру үшін

ERNUR.KZ. "Барселона" президенті Жозеп Мария Бартомеу шабуылшы Лионель Мессидің командада қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, тіпті отставкаға кетуге де дайын, деп жазады kaz.vesti.kz.

Аргентиналық футболшы карьерасын каталондық клубта жалғастыратынын ресми түрде мәлімдесе, Бартомеу қызметінен кетуге дайын екен.

Мұның алдында Месси әр маусым соңында келісімшартты бір жақты үзу мүмкіндігін қолданатыны хабарланған еді.

Каталондық клуб шабуылшысына көз салып отырған клубтар қатарында италиялық "Интер" мен "Ювентус", франциялық ПСЖ және англиялық "Манчестер Юнайтед" бар.