Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңілді

0
663

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Теннисшілер бірінші сетті 66 минут ойнады.


Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңіліп қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өткен Miami Open финалында дүниежүзінің 12-ракеткасы, чехиялық теннисші Петра Квитовамен кездесті. Қазақстандық екі сетте 6:7(14), 2:6 есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Теннисшілер бірінші сетті 66 минут ойнады.

Елена Рыбакина жеңілісіне қарамастан, турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ-тағы Индиан-Уэллс 2023 чемпионы атанды. Оның алдында Australian Open 2023 турнирінің финалына дейін жетті.