Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

0
839

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалықТеннис Сандгренмен ойнады.


Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат..

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалықТеннис Сандгренмен ойнады.

М.Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен ерекшеленді.

М.Кукушкин финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Даниал Рахматуллаевтың Тегерандағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың финалына шыға алмады.

Уимблдонда Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты.