Министр Қазақстан өз алаңында Финляндиядан ұтылғанына қатысты ойын айтты

0
445

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияға жол берген еді.


Министр Қазақстан өз алаңында Финляндиядан ұтылғанына қатысты ойын айтты

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасының Финляндиямен өткен матчтегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады vesti.kz.

Бұл туралы министр Facebook-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, жанкүйерлердің қолдауы жоғары деңгейде болған.

"Өкінішке қарай, бүгін біздің команда жеңе алмады, бірақ бұл спорт, онда жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Спортшыларымыз соңғы сәтке дейін барын салды. Нәтижеге қарамастан, команда лайық ойын көрсетті. Стадионды толтырған жанкүйерлерді бөлек атап өткім келеді. Қолдау жоғары болды. Солтүстік Ирландиямен ойында да осындай ыстық қолдау болады деп үміттенемін. Ал біздің жігіттерімізге жексенбілік матчта жеңіс тілеймін. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!", - деп жазды ол.

Еске салайық, Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияға жол берген еді. "Астана Аренада" өткен ойында қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.