ММА спортшысы өлі табылды

0
507

Ол қазақстандықпен жекпе-жек өткізген.


ММА спортшысы өлі табылды

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен 22 жастағы Пеьр Люде Марсельдегі пәтерінен өлі табылды, деп жазады vesti.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, Люде табельді қарудан өз-өзін атып жіберген.

Люде аралас жекпе-жекте 2017 жылдан бері өнер көрсеткен. Ол алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліс тапқан.

2019 жылы наурызда ол M-1 Challenge 101 турнирінде өнер көрсетіп, 28 жастағы қазақстандық Асу Алмабаевтан (13-2) жеңіліп қалған. Аралас жекпе-жектен басқа франциялық спортшы полицияда қызмет еткен.