Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде екінші рет жеңілді

0
674

Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды.


Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде екінші рет жеңілді

ERNUR.KZ. Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz

Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды. Үш раундқа есептелген кездесу екінші раундтың соңында аяқталды, Дуглас Морозовты артынан қылқындырып, жеңіске жетті.

Силва де Андраде үшін бұл қатарынан екінші жеңіс. Енді оның UFC-дегі есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Алайда ол карьерасында екінші рет қана сабмишенмен жеңіп отыр.

Морозовқа келетін болсақ, ол өткізген үш жекпе-жекте екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Ол былтыр қаңтарда ресейлік Омар Нурмагомедовтан (13-0) жеңілген болатын.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде титулдық реванш болады, орта салмақтағы қазіргі чемпион Исраэль Адесанья (21-1) мен белбеудің экс-иегері Роберт Уиттакер (23-5) кездеседі.