Мүмкіндігі шектеулі спортшылар бақ сынайтын болады

0
1 982

Аталған додада 60 елдің 170-ке жуық мүмкіндігі шектеулі спортшылары бақ сынайтын болады


Мүмкіндігі шектеулі спортшылар бақ сынайтын болады

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың 22 - 24 тамыз күндері Португалияның Монтемор - О - Велью қаласында параканоэден Əлем чемпионаты өтеді,деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған додада 60 елдің 170-ке жуық мүмкіндігі шектеулі спортшылары бақ сынайтын болады. Онда Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан Жалғас Тайкенов пен Бейбарыс Спатай Қазақстан құрама командасының намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, спортшылардың алдына Əлем чемпиоантының ақтық сынына жолдама алу міндеті жүктелген.

Осы орайда айта кетсек, параканое спорты Қазақстан бойынша тек қана біздің облыста дамып келеді.