Мұндай сұмдық мүмкін бе? Қазақ боксшының Олимпиадада жеңілуінің шын себебі айтылды

0
458

Жартылай финалда Бибосынов Олимпиада чемпионы атанған британиялық Джалал Яфайға төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.


Мұндай сұмдық мүмкін бе? Қазақ боксшының Олимпиадада жеңілуінің шын себебі айтылды

ERNUR.KZ. Youtube желісіндегі "неКАРАтэ" арнасы Токио Олимпиадасындағы боксты қорытындылап, Сәкен Бибосыновтың жеңілгенін тілге тиек етті, деп жазады Vesti.kz.

52 келіге дейінгі жартылай финалда Бибосынов Олимпиада чемпионы атанған британиялық Джалал Яфайға төрешілер шешімімен есе жіберді. Алайда сарапшылардың көбі төрешілер қазақ боксшының ақысын жегені анық деген ойда.

"Яфай мен Батырғазиевті жүлдеге сүйреді. Бибосыновты аяқтан шалды. Зировты Олимпиададан ақырын шығарып тастады, Мирзахалиловты да. Бұл үшеуін аяқтан шалғаны анық, өйткені алтын үлестіріліп қойған. Жүз пайыз аласың деген мағынада емес, жеңіске жетуге көмектесті. Сәл бірдеңе болса солардың пайдасына шешіп отырды. 52 мен 57 келіде қулықтары анық көрініп тұрды. Әсіресе Яфаймен, Зоировты да, Бибосыновты да шетке қақты. Бибосынов оны жеңгені көрніп-ақ тұрды. Бұған күмән де жоқ. Бибосыновтың қолын көтеру керек болатын. Дегенмен ағылшындарға көмектсеіп отырды, ресейлктерге де", - дейді арна авторы.