"МЮ" Роналдудың орнын басатын ойыншы тапты

0
564

Роналдудың "қызыл сойқандармен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.


ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтед" басшылығы Криштиану Роналдудың орнын басатын ойыншы тапты, деп жазады vesti.kz.

Басшылық "Наполидің" нигериялық шабуылшысы Виктор Осимхенді қатарға қосуды жоспарлап отыр. Ағылшын клубы 23 жастағы футболшы үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын.

Роналдудың "қызыл сойқандармен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Осимхен "Наполи" сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы уақыт аралығында 65 матчта 30 гол салып, он рет нәтижелі пас берді.