Неймар "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін

0
729

Неймар ПСЖ сапына 222 миллион еуроға 2017 жылы "Барселонадан" ауысып келді.


Неймар

ERNUR.KZ. Франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Журналист Хосе Альварестің ақпараты бойынша, париждік команданың басшылары каталониялық командаға бразилиялық шабуылшыны 50 миллион еуроға сатып алуды ұсыныпты. Енді алдағы уақытта екі клуб келіссөз бастауы мүмкін.

Еске салайық, осыған дейін ПСЖ командасы Неймарды туриндік "Ювентуске" жалға алуды ұсынды деген ақпарат шыққан болатын. Париждік команда құрып жатқан жаңа жоспарға Неймар кірмейді екен. Бірақ клуб бразилиялық шабуылшыны оңайлықпен сата алмайды. Оның үстіне 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Неймардың келесімшартты автоматты түрде 2027 жылға дейін созылып кетеді.

Айта кетейік, Неймар ПСЖ сапына 222 миллион еуроға 2017 жылы "Барселонадан" ауысып келді. Бұл футбол тарихында ең қымбат трансфер болып қалды.