Неймарға жанкүйерлер тап берді

0
536

Қауіпсіздік қызметі жағдайға уақытында араласқан.


Неймарға жанкүйерлер тап берді

ERNUR.KZ. Бразилия құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Неймарға күтпеген жерден жанкүйерлері тап берді, деп жазады Vesti.kz.

Футболшы Бразилия құрамасы орналасқан Порту-Алегри қонақүйінің маңына келіп тоқтаған автобустан түскен беті еді. Осы сәтте екі жанкүйер Неймарға қарай жүгіріп, футболшыны бас салды. Әбүйір болғанда қауіпсіздік қызметі жағдайға уақытында араласты.

Еске салайық, 5 маусымда Бразилия 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу раунды аясында Эквадорға қарсы ойнайды.