Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

0
580

Чемпионның бапкері – Рашид Юнусметов.


Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Н.Чирюкин кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден үздік шықты.

Чемпионның бапкері – Рашид Юнусметов.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге қол жеткізсе, оңтүстіккореялық Сук Джин Хонг үздік үштікті түйіндеді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.