Норвегия спортшылары Олимпиадада 11 алтын алды

0
645

Жалпы есепте 8 алтын, 5 күміс және 2 қола медалі бар Германия спортшылары екінші орынға тұрақтады.


Норвегия спортшылары Олимпиадада 11 алтын алды

ERNUR.KZ. Норвегия құрамасының конькишілері Бейжің-2022 Қысқы Олимпиадасында қоржынына 11 алтынды салды, деп жазады Vesti.kz.

Бүгін, 15 ақпанда норвегиялық конькишілер командалық сында ресейліктерді финалда басып озып, Олимпиада алтынын мойындарына тақты. Осылайша скандинавиялық ұжым 11 алтын, 6 күміс және 7 қола жүлдемен медальдардар жиынтығы бойынша жеке-дара көш басына шықты.

Жалпы есепте 8 алтын, 5 күміс және 2 қола медалі бар Германия спортшылары екінші орынға тұрақтады. Ал АҚШ спортшылары болса 7 алтын, 6 күміс, 4 қоламен үздік үштікті түйіндеп тұр. Дегенмен, Олимпиада аяқталғанша әлі де болса турнир кетесінде өзгерістер орын болады.

Еске салайық, XXIV Қысқы ойындар ақпан айының 20 жұлдызы мәресіне жетеді.