Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

0
767

Жарысқа әлемнің 37 елінен келген 130 спортшы қатысады деп күтілуде.


Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

ERNUR.KZ. 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы өз тарихында екінші рет халықаралық турнир - «2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup» атты триатлоннан Әлем кубогін қабылдайды, деп жазады astana.gov.kz.

2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup – әлемнің 123 ұлттық федерацияларының басын қосқан Халыққаралық Триатлон Одағының (ITU) бастамасымен кәсіби спортшылар арасында өткізілетін халықаралық турнир.

Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылардың «стандартты» қашықтықтағы сайысы үш кезеңнен құралатын болады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру. Әлемнің 37 елінен келген 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс 15 маусым күні «Астана Триатлон паркі» аумағында өтеді.

Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің ІV кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында өткізілетін ұлттық турнир.

«Стандартты» қашықтықтағы әесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру. 16 маусым күні сағат 08.45-те «Астана Триатлон Паркінде» өтеді.

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Cайысты Қазақстан Триатлон Федерациясы, Астана Триатлон Федерациясы бірлесіп ұйымдастырады.