Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет балалар паралимпиадасы ойындары өтеді

0
678

Параспортшылар бочча, пара үстел теннисі, пара тхэквонда, пара каратэ және черлидингтен бәсекеге түседі.


Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет балалар паралимпиадасы ойындары өтеді

ERNUR.KZ. Бас қалада алғаш рет балалар арасында «Children's Paralympic Games» атты паралимпиада ойындары ұйымдастырылады, деп жазады Елорда Инфо.

Жарыста Нұр-Сұлтан, Шахтинск, Ақкөл және Златоуста қаласының параспортшылары бочча, пара үстел теннисі, пара тхэквонда, пара каратэ және черлидингтен бәсекеге түседі.

«Паралимпиадалық спорт ойындары нағыз спортшылар мен талантты балалардың басын қосады. Олар болашақ Қазақстанның халықаралық аренада намысын қорғайтын үміткерлер», - делінген қалалық Паралимпиадалық жаттығу орталығы таратқан ақпаратта.

Екі күнге созылатын спорт бәсекесі аталған орталықтың ұйытқы болуымен, сондай-ақ, «Мир равных возможностей» мүгедек балалары бар ата-аналар қоғамының қолдауымен өткелі отыр.