Нұрқожа Қайпанов Италиядағы турнирде алтын алды

0
916

Қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есебі 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты.


Нұрқожа Қайпанов Италиядағы турнирде алтын алды

ERNUR.KZ. Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Италиядағы дүбірлі додада топ жарды, деп хабарлайды ktk.kz.

Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есебі 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты.

Нұрқожа Қайпанов Италияның Сассари қаласында өткен «Sassari City Matteo Pellicone Memorial» халықаралық турнирінде сынға түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. 70 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтып, финалда белоруссиялық Георгий Колиевтан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, Расул Қалиев (57кг), Данияр Қасанов (74кг), Ғалымжан Өсербаев (79 кг) және Азамат Дәулетбеков (86 кг) күміс жүлдегер атанса, Саятбек Оқасов пен Олег Болтин қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасындағы сында Айна Теміртасова (65 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) үздік үштікке енген.