Нурмагомедов Instagram-дағы ең танымал ресейлік атанды

0
770

Порьеге қарсы жекпе-жектен кейін Нурмагомедов $6 млн астам гонорар алды.


Нурмагомедов Instagram-дағы ең танымал ресейлік атанды

ERNUR.KZ. Күні кеше Дастин Порьемен кездесіп, UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған ресейлік аралас жекпе-жек шебері Instagram-дағы жазылушылар саны бойынша ресейлік әнші Ольга Бузовадан озды, деп жазады Zakon.kz.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Instagram-дағы парақшасына жазылушылар саны жексенбі күні 16,32 млн-ға жетті, осылайша спортшы 16,31 млн жазылушысы бар әнші Ольга Бузовадан озды.

Порьеге қарсы жекпе-жектен кейін Нурмагомедов $6 млн астам гонорар алды.

Оның енді келесі қарсыласы - промоушеннің жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон болуы мүмкін.