ОҚО-ДА КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТІП ЖАТЫР

0
2 116

Оңтүстік Қазақстан облысында көркем гимнастикадан жастар арасындағы республикалық чемпионат бастау алды. 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. Олар жекелей және топтық жаттығуларда сынға түсетін болады.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Еліміз Тәуелсіздік алғалы көркем гимнастика спорт түрі қарқынды дамып келеді. Тәуелсіздік жылдарында қыздарымыз 4 жазғы Олимпиада Ойындарына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Әлемдік ареналарда көк туымызды желбіретіп, Азия Ойындары мен Азия чемпионаттарының абсолютті чемпиондары атақтарын жеңіп алды. Солардың бірі, мінекей, алдарыңызда тұрған, халқымыздың сүйіктісіне айналған, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Әлемдік деңгейдегі гимнастшы, Азия примасы – Алия Юсупова. Бұл спортты жан-тәнімен сүйе білген жанның бағындырар белесі мол болатынының дәлелі. Баршаңызға осындай жеңістер тілеймін. Сәттілік!», - деді Бауыржан Салдарұлы.

Айта кетейік, бүгінде облыста көркем гимнастика спортын дамыту мақсатында 2 облыстық және 1 қалалық спорт мектептері жұмыс атқаруда. Аталған спорт мектептерінде 37 жаттықтырушы-оқытушы 528 спортшыға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.