ОҚО спортшылары Қазақстан чемпионатында жүлделі орын алды

0
2 237

Тараз қаласында үстел теннисінен жеке жəне командалық сында Қазақстан чемпионатында ОҚО спортшылары алғашқы үштіктен көрінді.


ОҚО спортшылары Қазақстан чемпионатында жүлделі орын алды

суретте ОҚО ерлер командасы

ERNUR.KZ. Тараз қаласында үстел теннисінен өткен Қазақстан чемпионатында жеке жəне командалық сында ОҚО спортшылары алғашқы үштіктен көрінді. Жарысқа еліміздің 15 өңірінің командалар қатысқан. Командалық сында қыздар арасында Қарағанды облысының спортшылары жеңімпаз атанды. 2-орын Батыс Қазақстан облысының еншісінде. Ал жүлделі үштікті ОҚО мен Алматы қаласының үстел теннисшілері бөлісті.

ОҚО қыздар командасы

Ерлер арасында 1-орын Алматы қаласының командасына бұйырды. Қарағанды облысының спортшылары екінші, ал, 3-орында Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облысының теннисшілері.