ОҚО спортшылары Олимпиада ойындарын аяқтады

0
1 468

ERNUR.KZ. Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында фристайлдың акробатика түрінен сайыстар өтті. Іріктеу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас бақ сынады.


ОҚО спортшылары Олимпиада ойындарын аяқтады

фото: azarriq.org

ERNUR.KZ. Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында фристайлдың акробатика түрінен сайыстар өтті. Іріктеу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас бақ сынады. 19 спортшы қатысқан бәсекеде Аяна Жолдас 57,98 ұпаймен 18 – орыннан көрінсе, Ақмаржан Қалмұрзаева 16 – орынды иеленді. Ал, бірінші іріктеу жарысында 70,20 ұпай жинаған Маржан Ақжігіт екінші мүмкіндігінде 79,17 ұпаймен олимпиада ойындарында 12 – орынды қанағат тұтты. Ал, Жанбота Алдабергенова 85,36 ұпай жинап жарысты финалға жолдама алатын 6 спортшының қатарына қосыла алмай, 7 – орында қалып қойды. Осылайша 4 фристайлшымыз олимпиада ойындарын аяқтады.