Олимпиада-2018: Сайысқа шығатын қазақстандықтарды қолдау шарасы өтті

0
1 329

ERNUR.KZ. 15 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында фристайлдің акробатика түрінен жарыстар өтеді. Онда облыс атынан әйелдер арасындағы сайыста оңтүстікқазақстандықтар: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас жарыс жолына шығады.


Олимпиада-2018: Сайысқа шығатын қазақстандықтарды қолдау шарасы өтті

ERNUR.KZ. 15 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында фристайлдың акробатика түрінен жарыстар өтеді. Онда облыс атынан әйелдер арасындағы сайыста оңтүстікқазақстандықтар: Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас жарыс жолына шығады. Осы 4 спортшымызды қолдау мақсатында Шымкент спорт сарайында іс-шара ұйымдастырылды. Айдынға жиналған жанкүйерлерге жас спортшылар өздерінің тәжірбиелерін көрсетті. Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындардан көрініп жүрген Олег Мельников мәнерлеп сырғанауда қойылым көрсетті.


Шорт-трекшілер мен хоккей бөлімінің жас спортшылары да жанкүйерлерге өз өнерін паш етті.

Облыстық қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақытжан Зиябеков фристайлшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенім білдірді.


Жерлестеріміз 15 ақпан күні Астана уақытымен 17:00 де қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.