Олимпиада-2022: Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орын алды

0
2 116

Бұл сайыста тағы екі қазақстандық өнер көрсетті.


Олимпиада-2022: Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орын алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Абзал Әжіғалиев Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының финалында 500 метр қашықтықта өнер көрсетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші жарыста Әжіғалиев төртінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл сайыста тағы екі қазақстандық өнер көрсетті - Денис Никиша В финалына дейін жетіп, сегізінші орын алды, ал Әділ Ғалиахметов жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.

Айта кетейік, Әжіғалиев Олимпиадада 500 метр қашықтықтағы шорт-тректен жеке жарыстарда финалда өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық.