Олимпиада чемпионына жасөспірімді зорлады деген айып тағылды

0
787

Оның төлқұжаты алынып, оған ел аумағынан шығуға тыйым салынды.


Олимпиада чемпионына жасөспірімді зорлады деген айып тағылды

ERNUR.KZ. Жүзуден 2 дүркін Олимпиада чемпионы, француз Янник Аньель кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсетті және зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

29 жастағы Олимпиада чемпионы 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен ашық тергеуден өтіп, қамауға алынды. Оның төлқұжаты алынып, оған ел аумағынан шығуға тыйым салынды.

Янник Аньель 10 желтоқсанда ұсталды. Тергеу 2014-2016 жылдары Мюлузда Олимпиада чемпионымен бірге жаттыққан қыздың сотқа шағымдануынан басталды. Айта кетейік, 2012 жылы Янник Аньель Лондон Олимпиадасында 2 алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.