Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

0
858

ПХЕНЧХАН. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем додасының кестесіне өзгерістер енгізілді,


Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

ПХЕНЧХАН. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем додасының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бүгін қазақстандық шаңғышылар жарыс жолына шығуы тиіс еді. Алайда Олимпиада қалашығында желдің қатты соғуынан жарыстар 15-16 ақпанға ауыстырылды. FIS баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін желдің жылдамдығы сағатына 72 км дейін жетеді деп болжануда.