Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурды жеңді

0
716

Ойынға екі тараптан 20 шахматшы қатысты.


Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурды жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Сингапурдың жас шахматшылары онлайн матч өткізді, деп жазады baq.kz.

Ойынға екі тараптан 20 шахматшы қатысты - әр жас тобындағы екі ұл мен қыз (12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін) қатысты.

Қазақстан ұлдар командасы сингапурлік құрдастарын 5,5:4,5 есебімен жеңді. Ал қыздарымыздың жеңісі сенімдірек болды - 8.5:1.5.

Матчтың жалпы есебі 14:6 - Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.