Оңтүстік Кореяда қазақ күресінен турнир өтті

0
890

Бразилиялықтар қазақ күресі өздерінің ұлттық спорты капуэйроға ұқсайтынын айтады.


Оңтүстік Кореяда қазақ күресінен турнир өтті

ERNUR.KZ. Чунджу қаласында халықаралық жастар жекпе-жек лагерінде бес мемлекеттің спортшылары бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бразилиялық капуэйро мен қазақ күресінің қандай ұқсастығы бар? .

Лагердегі өмір таңертең дене шынықтырудан басталады. Спортшылар жаттығу жасап бір-бірімен бес тілде сәлемдеседі, алғыс айтады және қоштасады. Корея, Бразилия, Түркия және Моңғолия азаматтары енді қазақша рахмет айта алады.

Жастар лагерін ЮНЕСКО-ның халықаралық жекпе-жек орталығы ұйымдастырған. Мұнда спортшылар қазақ күресі, моңғолдық бох, кореялық ссирым, түрік гюреші және бразилиялық капуэйро ұлттық спорт түрлерімен танысты.

- Халықаралық лагерге келушілер жекпе-жектің бірнеше түрімен танысады. Мысалы, кореялық ссирым палуаны қазақ күресі тәсілдерін үйренеді. Жекпе-жекпен бірге қазақ мәдениетін және қарапайым сөздерін де білетін болады. Болашақта олардың танысуы достыққа айналып олар өзге ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде насихаттайды деп сенеміз, - дейді ЮНЕСКО-ның халықаралық жекпе-жек орталығының маманы Ханна Чой.

Қазақ балуандары шетелдіктерге күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Ал бразилиялықтар қазақ күресі өздерінің ұлттық спорты капуэйроға ұқсайтынын айтады.

- Біз Қазақстан өкілдерін бірінші рет көріп тұрмыз. Олардың қарапайымдылығына, біліктілігіне таңғалдық. Өте бақытты адамдар екен. Казақ күресімен капуэйро арасында біраз ұқсастықтар бар. Қазақстандағы спорт федерациясымен қарым-қатынасты одан әрі дамытамыз, - деді Фернадес – Капуэйра Маманы Велингтон Нельсон.

Қазақ күресін жақсы менгерген шетелдіктер шағын турнирге қатысты. Сөйтіп жеңіске жеткен палуандар қазақстандық шоколадтың дәмін татты.

- Қазақ күресінің ережесі әлемде көп күрестерге келеді. Мысалы, дзюдо, самбоға ұсқайды. Еркін күрес элементтері дөп келгендіктен көп спортшылар емін-еркін күреседі. Оған кеше Моңғолияда өткен Азия біріншілігі дәлел. Жаңағы сегіз салмақтың үшеуінде қазақ палуандары жеңіске жетті. Қалған салмақтарда басқа елдердің спортшыларының үлесінде, - деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ербол Мырзабосынов.

Чунджу қаласында спортшыларымыз шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға келісті. Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында қазақ күресінің әлемдегі танымалдығы артып, тіпті олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілуі мүмкін.