ОҚО-да көкпардан жастар арасында облыстық турнир өтті

0
1 380

Облыстан жалпы 12 команда бас жүлде үшін тартысқа түсті. Мақсат - алдағы түрлі дәрежедегі жарыстарға Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасын жасақтап алу болатын.


ОҚО-да көкпардан жастар арасында облыстық турнир өтті

Астана қаласының 20 жылдығына орай көкпардан КСРО-ның 5 дүркін жеңімпазы Шымырбай Әуезбаев атындағы жастар арасында облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыстан жалпы 12 команда бас жүлде үшін тартысқа түсті. Мақсат - алдағы түрлі дәрежедегі жарыстарға Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасын жасақтап алу болатын.

Турнирдің ашылу салтанатына облыс бойынша Ат спорты федерациясының президенті Нұрмахан Жолдасов, Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев қатысты.

Турнирдің қортындысы бойынша 3 - орынды Қазығұрт ауданының "Кемеқалған" командасы иеленді.

Финалда Төлеби ауданының "Тау" командасы мен Түлкібас ауданының көкпаршылары кездесті. Тартысты өткен ойында "Тау" ұжымы жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды.