ОҚО параканоэшілері Венгриядағы сайысқа қатысты

0
981

19 жастағы Бейбарыс Спатай KL2 MEN сайысында 200 метірлік финалда 8 - орынды иеленді. Ал, 2017 жылы Әлем кубогында KL3 MEN сайыстарында 9 - орыннан көрінген Жалғас Тайкенов бұл жолы мәре сызығына 11 - орында жетіп келді.


ОҚО параканоэшілері Венгриядағы сайысқа қатысты

ERNUR.KZ Ағымдағы жылдың 16 - 18 мамыры арплығында Венгрияның Сегед қаласында параканоэден әлем кубогының кезекті айналымы өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

24 елдің 109 спортшысы бақ сынаған додада шымкенттік ескек есушілер де ел намысын қорғады. 19 жастағы Бейбарыс Спатай KL2 MEN сайысында 200 метірлік финалда 8 - орынды иеленді. Ал, 2017 жылы Әлем кубогында KL3 MEN сайыстарында 9 - орыннан көрінген Жалғас Тайкенов бұл жолы мәре сызығына 11 - орында жетіп келді.

Енді параконоэшілеріміз тамыз айында Португалияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалатын болады.