​ОҚО спортшылары Азия чемпионатында

0
1 901

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 14 000 000 теңгені құрайды.


​ОҚО спортшылары Азия чемпионатында

ERNUR.KZ . 1-2 маусым күндері Астанада теңге ілуден ІІ және аударыспақтан ІІІ Азия Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған сайыстарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Түркиядан жалпы 54 спортшы бақ сынайтын болады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 14 000 000 теңгені құрайды.

ОҚО-дан теңге ілу спортынан I Азия чемпионатының жеңімпазы Ғалымжан Ізжанов және Мағжан Сапарбек бақ сынайды. Ал, аударыспақтан 80 келі салмақта Есімхан Рахматіллә, 90 келі салмақта Сырым Ізбасаров, +90 келі салмақта Біржан Қосалиев ел намысын қорғайды. Ізбасаров пен Қосалиев Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпаздары екенін айта кетсек.