"Ордабасы" ФК құрамына Марадонаның шәкірті келді

0
2 119

Түркияда дайындығын пысықтаған «Ордабасы» ұжымы жаңа маусым қарсаңында жанкүйерлерге жаңа ойыншылары мен бас бапкерді таныстырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ото: ©ERNUR.KZ

Түркияда дайындығын пысықтаған «Ордабасы» ұжымы жаңа маусым қарсаңында жанкүйерлерге жаңа ойыншылары мен бас бапкерді таныстырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

фото: ©ERNUR.KZ

«Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсетов жанкүйерлерді басталып жатқан жаңа маусыммен құтықтап, футболшылардың жоғары деңгейде ойын көрсетеріне сенім білдірді.

Жаңа футболшыларға команданың жейдесі тапсырылды.

Қақпашылар Жасур Нарзиқұлов, Бекхан Шайзада

фото: ©ERNUR.KZ

Қорғаушылар Абулхайр Зулифқаров, Смат Шашмі, Дамир Дәуітов, Хрвое Спахия

фото: ©ERNUR.KZ

Жартылай қорғаушылар Жамбули Жигаури, Алишер Сулей, Факундо Бертольо және шабуылшы Иван Нагаев пен Сергей Хижниченко «Ордабасы» құрамына қосылды.

фото: ©ERNUR.KZ

Айта кетерлігі «Ордабасы» қатарына жаңа қосылған Факундо Бертольо Марадонаның бұрынғы шәкірті,Аргентина құрама командасы сапында өнер көрсеткен. Ал, Иван Нагаев Өзбекстан құрамасындағы қарымы мықты ойыншылардың бірі болған. Сергей Хижниченко болса, қазақ жанкүйерлеріне етене таныс. Қарағандының «Шахтеры» кәрі құрылық кубоғында еуропаны елең еткізген уақытта сол команданың шабуылшысы болды.

Футболдан Қазақстан премьер лигасы жаңа маусымының жалауы 11 наурыздв көтеріледі.

1–турда Шымкенттің «Ордабасы» клубы «Қажымұқан» стадионында Қарағандының «Шахтер» командасына қарсы алаңға шығады.