Отандық боксшылар Германиядағы турнирден 7 медаль еншіледі

0
981

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алған.


Отандық боксшылар Германиядағы турнирден 7 медаль еншіледі

ERNUR.KZ. Германияда бокстан жастар арасындағы Brundenburg-Cup халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық боксшылар 7 медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алған. Жексен Бейбарыс, Әшірхан Айтжан және Тоғамбай Сағындық чемпион атанса, Талғат Сырымбетов күміс жүлдегер қатарында.

Туринирдің қола жүлдесін М. Базарбайұлы, Д. Дүйсебай, К. Мақсұт, А. Сабырғали иемденді.

Ал Әшірхан Айтжан турнирдің үздік боксшысы атанды.