Өзбекстан құрамасын атақты аргентиналық басқарады

0
1 278

Эктор Купер Өзбекстан футбол ассоциациясымен 3+1 системасы бойынша келісім шарт жасасқан.


Өзбекстан құрамасын атақты аргентиналық басқарады

фото: sports.uz

ERNUR.KZ. Футболдан Өзбекстан құрама командасын аргентиналық бапкер Эктор Купер басқаратын болды деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Эктор Купер Испанияның "Валенсия" командасын 2000 жəне 2001 жылдары Еуропа Чемпиондар лигасының финалына алып шыққан болатын. Сондай-ақ, өткен айда Ресейде өткен Əлем чемпионатында Эктор Купер Мысыр құрама командасының бас бапкері болған еді.

Аргентиналық маманға Өзбекстан құрама командасын 2022 жылы Катарда өтетін Əлем чемпионатына алып шығу міндеті жүктелді. Эктор Купер Өзбекстан футбол ассоциациясымен 3+1 системасы бойынша келісім шарт жасасқан. Купердің өтініші бойынша ол Өзбекстаннан қанша айлық алатыны құпия болып отыр.