Панкратион бойынша әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды

0
1 409

Панкратион – еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін спорт түрі.


Панкратион бойынша әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Панкратион бойынша әлем чемпионатында ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Сәбит Жүсіпов чемпион атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде өткен додада Сәбит Жүсіпов65 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Финалдағы ымырасыз жекпе-жекте әскери спортшы 2018 жылғы ресейлік әлем чемпионы Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді.

«Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Ол еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналады» - деп атап өтті қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК команданың бастығы майор Мұрат Бижанов.