Пхенчханда ХОК сессиясы ашылады

0
1 115

5 ақпан күні Пхенчханда Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясы жұмысын бастайды. Бұл 9 ақпанда ашылуы өтетін Ойындардың ресми басталғанының белгісі. Онда қаралатын маңызды сұрақтың бірі — «ресей мәселесі». ХОК атқару комитеті Сочи спорт додасында допинг дауына қалған Ресей Олимпиада комитетін Пхенчхандағы Ойындардан шеттету туралы шешім қабылданған. Сондықтан Ресей спортшылары бұл жолы Олимпиада туының астында өнер көрсетеді.


Пхенчханда ХОК сессиясы ашылады

5 ақпан күні Пхенчханда Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясы жұмысын бастайды. Бұл 9 ақпанда ашылуы өтетін Ойындардың ресми басталғанының белгісі. Онда қаралатын маңызды сұрақтың бірі — «ресей мәселесі». ХОК атқару комитеті Сочи спорт додасында допинг дауына қалған Ресей Олимпиада комитетін Пхенчхандағы Ойындардан шеттету туралы шешім қабылданған. Сондықтан, Ресей спортшылары бұл жолы Олимпиада туының астында өнер көрсетеді.

Сессияда 3-4 ақпанда қабылданған қарарлар да қаралады. ХОК президенті Томас бах Games Management 2020 бағдарламасының қабылдануы қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары 500 миллион, ал жазғы Ойындардың қожайындары миллиард долларға дейін үнемдегенін айтып өтті. Бұл қаражат Ойындарға дайындалу мен оны жоспарлауға берілетін көмектің арқасында үнемделмек. ХОК сессиясының ашылу салтанаты Каннын мәдениет орталығында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 16:30 да.